Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді. Жиында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің "DIGITAL SOCIAL RESEARCH" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Краснобаева Нелли Леонидовна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Нелли Леонидовна - көрнекті ғалым ғана емес, сонымен қатар белсенді қоғам қайраткері, ШҚО бойынша ҚХА Қоғамдық келісім орталығы-Достық үйінің ғылыми-эксперттік тобының төрағасы. Оның қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі баға жетпес. Нелли Леонидовнаның бастамасымен қазақстандық жастар арасында азаматтықты, толеранттылықты және мәдениетаралық диалогты қалыптастыруға бағытталған жастар жобалары ерекше ризашылыққа лайық.

Біз Нелли Леонидовна сынды қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз және шын жүректен құттықтаймыз!