Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да кәсіби бағдар беруші қызметкерлер мен декандар жиыны өтті. Жылдың қорытынды жиналысында университеттің жетістіктері, жаңа бағыттары, жоспарлары мен стратегиялары талқыланды.

Іс-шара тек күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға ғана емес, университет ұжымын құттықтауға, марапаттауға да себеп болды. ШҚТУ басшылығы абитуриенттермен жұмыс істеп, мектеп түлектерін тартуға ат салысқан қызметкерлерге ерекше алғыс білдірді. Мерекеге орай әрбір қызметкер Алғыс хаттармен, басшылық атынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.