«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын айтулы жобалардың біріне айналды.

Осыған орай жастарымызды жаңа жеңістерге жігерлендіру, ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғаларды таныстыру, пікір алмасу мақсатында online meeting форматында ZOOM  «Парасаттлық және руханият Оқу-тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім»: табысқа жетудің құпиясы неде?» атты бейнеконференция өтті.

Бейнеконференцияға университетіміздің «Маркетинг» бағытындағы білім алушы 3 курс студенттері, «Қазақстанның жүз жаңа есімі»  жобасының жеңімпазы ақын, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, аудармашы Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) және  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының  меңгерушісі Масенова Айжан Матанқызы, ШҚО бойынша Рухани жаңғыру жобалау орталығының маманы Талғат Төлегенұлы қатысты.

Қасиетті өлең өлкесінде сара жол сала білген жас ақын «100 жаңа есім» жобасында жеңіске жетіп, Елбасымен дидарласу өзіне ерекше әсер еткенін айтты. «100 жаңа есім» жобасы – еш елде болмаған тың бастама. Бұл жастарға мотивация, серпіліс беретін бірегей жоба деп есептеймін. Өйткені, көптеген жетістікке жеткен, елге үлгі болуға лайық жастар зерттелмей, насихатталмай жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бұл жоба өте керек»,-деп ақын жастарға шабыт сыйлап, өлеңдерінен үзінді оқыды. 

Аталмыш шара, ұлттық тәрбие мен саналы оқытуды кіріктіре отырып, студенттердің патриоттық сана – сезімін дамыту мақсатын көздеді. «100 жаңа есім туралы не білеміз?», «100 жаңа есім»: табысқа жетудің құпиясы неде?» деген сауалдар төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарының жетістіктері жастарды ғана емес, рухани жаңғыруға ұмтылған барлық жандарға ой салары сөзсіз.

Парасаттылық және руханият Оқу-тәрбие орталығы