Цифрлық даму, инновациялар және аэроғаш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде болды.
Вице министр ШҚТУ материалдық техникалық базасы, орталықтарының жұмысымен танысты. Жоғары оқу орны басшылығы, ғалымдары және ІТ саласының мамандарымен кездесу барысында құзырлы министрлік өкіліне университеттің цифрлық мүмкіндіктері таныстырылды.
Екіжақты кездесуден соң, вице министр Шығыс Қазақстан өңірі халқымен кездесті. Асхат Оразбек цифрландыру саласының даму көрсеткіштері, кеңейтілген бағыттары, жұмысы туралы баяндап, ел көкейіндегі маңызды сұрақтарға жауап берді.