Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "Харассмент қазіргі қоғамның проблемасы ретінде: оны қалай тануға және қорғануға болады" атты семинар өтті.
Семинарды заң ғылымдарының докторы, Alumni Grants Program жобасының финалисі, ШҚУ "Құқықтану" кафедрасының профессоры К.Х.Рахимбердин жүргізді.
Харассмент мәселесі өте өзекті, өйткені соңғы кезде бұл жағдай біздің елімізде жиі орын алып жатқаны алаңдатады. Семинар барысында Қуат Қажымұқанұлының жетекшілігімен харассментке байланысты мәселелер талқыланды. Олардың туындау себептері мен шешу жолдары қарастырылды.