“EKTU.Otbasy - *Well-being” ырыс-береке аймағы» жобасы аясында демалыс күндері университет профессорлық оқытушы құрамы мен қызметкерлерінің қатысуымен «EKTU on drive» қысқы тимбилдингі өтті.
Қысқы тимбилдинг – оқытушылар мен қызметкерлерді сергітіп, күнделікті күйбең тірліктен, есепсіз қағаздардан алыстатып, таза ауада демалуға мүмкіндік беретін көңілді іс-шара.
Тимбилдинг бағдарламасында Zumba биі, «Қысқы марафон» спорттық ойындары, балаларға арналған ойындар ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстар қорытындысы бойынша:
- 1-ші орынды «Горячие сердца» командасы
- 2- ші орынды «Спортивная братва» командасы
- 3- ші орынды «Великолепная десятка» командасы иеленді.
Қатысушыларға арнайы және командалық дипломдар, Денсаулық және спорт орталығының кубогы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Бірінші кәсіподақ ұйымының тәтті-таралғылары табысталды.
ШҚТУ – бір команда, бір жанұя екенін сеніммен айта аламыз!