Наурыз айының 18 күні Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ң Бизнес мектебінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасындағы «Алтын-Бесік - Мұзтау» клубы «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мекереклік іс-шарасын ұйымдастырды.Шара барысында қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, дәстүрлі қолөнер, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар туралы мағлұматтар берілді.

Клуб студенттері қазақтың ұлттық ойындары «Білек сынасу», «Орамал тастау» , «Теңге алу» сияқты ойындарды ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Бұл шараға «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайының» «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің көрмесі шақырылды.

Көрме барысында студенттер бейресми білім беру тәсілі бойынша өте құнды ақпараттар алды. Шараны клуб жетекшісі Урюстюмова А.И. ұйымдастырып, 23-ЗКК-1, 23-ВРК-1, 23-ДСК-1, 23-ЗКК-2 тобының студенттері қатысты.

Шара клуб мүшелеріне мерекелік көңіл күй сыйлып, бірліктерін нығайта түсті.