22 қазанда ШҚТУ-да «English in Action» клубының Хэллоуин мерекесіне арналған тақырыптық кездесуі өтті.
Студенттер мерекелік кейіпкерлерді таныстырып, қызықты ойындар мен көңілді байқауларға қатысты. Еркін әрі әсерлі атмосферада өткен кездесу қатысушыларға ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын жетілдіруге, сөздік қорын толықтыруға және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Кездесуді жарқын әрі есте қаларлықтай өткізуге үлес қосқан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!