2026 жылғы 20 қазанда «Қала әлеуметтік-демографиялық трансформациялар кеңістігі ретінде» атты ғылыми-әдіснамалық вебинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан АР26198933 «Шығыс Қазақстан: Семей және Өскемен қалалық кеңістігінің әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-мәдени трансформациясының траекториялары» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Вебинардың модераторы – тарих ғылымдарының докторы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, жоба жетекшісі Александр Николаевич Алексеенко. Семинар жұмысына Қазақстан мен Ресейдің зерттеушілері қатысты. Іс-шара барысында заманауи қалалық үдерістерге арналған әлеуметтанулық, тарихи және пәнаралық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Вебинар урбандалу, көші-қон және халықтың мобильділігі, әлеуметтік-мәдени ортаның және қазіргі қалалардың визуалды келбетінің өзгеруі мәселелерін кәсіби тұрғыда талқылауға арналған ғылыми алаңға айналды. Қазақстан мен Ресейдің зерттеу материалдарын салыстыру қалалық және қала маңындағы кеңістіктер трансформациясының ортақ үрдістері мен өңірлік ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді.
Іс-шараның өткізілуі пәнаралық зерттеулерді дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және Шығыс Қазақстан қалаларының әлеуметтік-демографиялық әрі әлеуметтік-мәдени динамикасын зерттеуге арналған жоба нәтижелерін апробациялауға ықпал етеді. Вебинар нәтижелері Семей мен Өскемен қалаларының тұрақты дамуы, қалалық саясатты жетілдіру және өңірдің әлеуметтік-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі практикалық ұсынымдарды әзірлеу барысында пайдаланылуы мүмкін.
Аталған іс-шара Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың ғылыми беделін арттыруға, оның сараптамалық әлеуетін кеңейтуге және университеттік зерттеулердің нәтижелерін ұлттық және халықаралық ғылыми кеңістікте ілгерілетуге ықпал етеді.
«DSR» ХҒЗО-ғы