Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер мектебі мемлекеттік органдар мен құқық қорғау жүйелерінің жұмысын цифрландыру процесіне белсенді қатысады. Виртуалдық және толықтырылған нақтылық саласындағы құзыреттілік орталығының басшысы Руслан Қайратұлы Четтықбаев 2022 жылғы 13 шілде мен 19 шілде аралығында Өскемен қаласының дағдарысқа қарсы Оқу орталығы базасында ҚР Ұлттық ұланы бағдарламашылары үшін «web-қосымшаларды әзірлеу» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізді. Курсқа ҚР көптеген облыстарының өкілдері қатысты.
Шеберлік сынып заманауи web-қосымшаларды әзірлеу, оларды Internet желісіне орналастыру, дамыту және ілгерілету бойынша негізгі мәселелерге арналды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алды, сондай-ақ тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.