Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Басқарма Төрағасы-ректор лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Жоғары білім саласындағы ең тәжірибелі, жоғары мамандандырылған, беделді мамандардың бірісіз және жоғары білімді реформалау бойынша Республикалық сарапшы болып табыласыз.

Кәсіби және байыптылыққа негізделген көпқырлы қызметіңіз, адамдарға деген қырағылығыңыз алдыңызда тұрған барлық міндеттердің шешімін табуда сәттілікке жетеледі.

Адамдармен тіл табысу, көптеген мәселелерді шешу, өмірлік өзгерістердің ыңғайына дайын болу, жаңаны жарылқап, оны өмірдің қажетті тұсына үйлестіре білу қабілетіңіз - әріптестеріңіздің ортасында құрметке бөледі.

60 жылдық тарихы бар университетте алғашқы әйел ректор атану мәртебесі Сізге бұйырды. Өз ортамыздың осал тұсын да, шың бағындырар мықтылығы да өзіңізге аян және жаңа жетекшінің өз арамыздан шыққаны шын жүректен қуантады.

Еңбек жолыңызды аға ұстаз қызметінен бастап, доцент болдыңыз, кафедрада жетекшілік ете жүріп, туған университетіңіздің барлық кәсіби жолын танып шықтыңыз. Бұл Жаңа Қазақстанның меритократия туралы принципінің айғағы. Ерен еңбегіңіз әділетті бағасын алып, Сізге кәсіби және мансаптық жетістіктерге жаңа жол ашылып тұр.

ШҚТУ қабырғасындағы ұрпақтар сабақтастығы Сізбен қайта жаңғырды және университеттің бұл бағыты қабілетті жетекшілігіңізбен жалғасын табатынына кәміл сенеміз.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ тату ұжымы қойылған мүдделі мақсаттар мен міндеттерді Сізбен орындауға аянбай еңбек етуге дайын!

Сізге жаңа қызметіңізде жемісті нәтижелер және кәсіби лауазымыңызда сәттілік тілейміз.

Құттықтаймыз!