Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының аумағында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы кеңес өткізді.
Оқу және әдістемелік жұмыс бойынша проректор Сауле Рахметуллина ШҚМТУ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының аумағында көктемгі су тасқынынан байланысты ауқымды төтенше жағдай орын алды. Нәтижесінде, Семей қаласында, Зырян және Глубокое аудандары су тасқынынан зардап шекті.
- Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары апат ошағында қалды. Мұндай жағдайда әрқайсысымыз демеу көрсетуіміз керек, себебі кез-келгеніміз мұндай жағдайға душар болуымыз мүмкін, - деп Оқу және әдістемелік жұмыс бойынша проректор атап өтті.
Сауле Рахметуллинаның айтуынша, тек жұмыла әрекет ету арқылы ғана біз тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсете аламыз.
Қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударуға және зардап шеккендерге алғашқы кезекте қажет киім, жеке гигиена құралдары және төсек жабдықтарын сатып алуға көмектесу мақсатында «Бірлік түбі - береке» науқанын жариялауға шешім қабылдады.
Университет қабырғасында ата-аналары су тасқынынан зардап шеккен студенттерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылып, сондай-ақ Зырян ауданының тұрғындарына қажетті заттардың бірінші партиясы жиналынып қойғанын атап өткен жөн.
Көмек мына мекенжай бойынша қабылданады: Серікбаев к-сі, 19 (Г1-201 бөлмесі).
Байланыс телефондары8 702 581 47 70, 8777 678 46 67, жұмыс телефоны: 540 0 48.