Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Кабылканов Султан Кайырбековичтің табысты қорғауымен құттықтайды!
2026 жылғы 10 шілдеде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 8D07202 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кабылканов Султан Кайырбековичтің «Кешенді кремний алюминийлі тотықсыздандырғыш қолданып, хром-марганец лигатурасын балқыту технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалды.
Докторлық диссертацияны қорғау қазақ тілінде өтті.
Ғылыми кеңесшілер:
- Абдулина Сауле Амангельдыевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ, Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Махамбетов Ерболат Нысаналыулы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Ферроқорытпалар және тотықсыздандыру үрдістері» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Юджел Онуралп (Yücel Onuralp) – философия докторы (PhD), профессор, Ыстамбұл техникалық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, Ыстамбұл қ., Түркия.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Касымова Динара Бекжановнаның табысты қорғауымен құттықтайды!
2026 жылғы 10 шілдеде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 8D07202 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Касымова Динара Бекжановнаның «Құрамында мысы бар компоненттердің алтыны бар кендерді циандық ерітінділеу көрсеткіштеріне кері әсерін төмендету бойынша зерттеулер» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалды.
Докторлық диссертацияны қорғау орыс тілінде өтті.
Ғылыми кеңесшілер:
- Әділқанова Меруерт Әділқанқызы– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ-ның Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Кушакова Лариса Борисовна – т.ғ.к., «ҚР МШҚӨ ҰО» РМК «БРТТМҒЗИ» филиалының қолданбалы зерттеулер және сынақтар жөніндегі директордың орынбасары, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Мамяченков Сергей Владимирович – т.ғ.д., аға ғылыми қызметкер, Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал Федералдық университетінің кафедра меңгерушісі, Екатеринбург қ., Ресей.