Құрметті Дмитрий Александрович! Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Абай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Дмитрий Александрович Гариков біздің университетті 2000 жылы тәмәмдады. Еңбек жолын Бородулиха ауылының «Служба быта» АҚ-да от жағушы болып бастаған. 1999 жылдан бастап Бородулихадағы көп отынды автомобиль жанармай құю станциясының операторы, Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы, кейін «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы болды. ШҚО Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, 2013 жылы Курчатов қаласының әкімі, 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Дмитрий Александрович, Сізге мансаптық жолыңызда сәттілік, оң нәтижелер мен биік жетістіктер, ұтқыр ойлар мен сарқылмас шабыт тілейміз!

Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы.