Колледжде оқитын жастармен жұмыс істеу - көпжақты, ауыр және көп еңбекті талап ететін үрдіс. Колледж педагогикалық ұжымының алдына нақты мақсаттар қойылады. Ол: жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Кінәлі әрекет жасаған адамның алдындағы ең пайдалы тәсіл - әңгімелесу.
Осыған орай, 11.10.22 ж. Жоғар ІТ колледжіне Өскемен қалалық ҮПБ қызметкерлері Жаксыбаева Д.М. мен Ахмергенова Б.Б. шақырылып, бірінші курс студенттеріне «Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылықтар» тақырыбында әңгіме жүрді.
Ашық диалог форматында өткен жиында жастарды мазалаған елеулі сұрақтарға жауап берілді.