Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты, 8D07201 «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рагданова Алтынай Айбекқызының «Шығыс Қазақстанның кенді құрылымдарындағы мыс-порфирлі кенденудің локализация критерийлері» тақырыбындағы, сондай-ақ Ескалиев Ертай Талғатұлының «Заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып, Батыс Қалба алтын кенді белдеуі мысалында алтын кен орындарын болжау әдістемесі» тақырыбындағы докторлық диссертацияларының қорғалуы өтті.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Матайбаева Индира Едылевна – докторы PhD, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
  • Долгополова Алла – Импер колледждің докторы PhD, табиғи тарих мұражайының (CERCAMS) Ресей және Орта Азия Минералды Зерттеулер орталығының зерттеушісі, (Лондон қ., Ұлыбритания).

Ғылыми кеңесшілер:

  • Мизерная Марина Александровна – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
  • Рахымбердина Маржан Есенбековна – докторы PhD, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы, қауымдастырылған профессоры, (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
  • Шульц Роман – т.ғ.д., Король Фахд атындағы Мұнай және минералдар университетінің профессоры, (Дахран қ., Сауд Арабиясы).