Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да салтанатты іс-шара өтті.
Атаулы күнге орай ШҚТУ ұжымы Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы - ректоры Сәуле Рахметуллина барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздер - біздің тарихымыздың шынайы көрінісі екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда атап өтетін ҚР Мемлекеттік рәміздер күні - Ұлт бірліктің мерекесі, ел Тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттаудың нышаны.
Кез-келген мемлекеттің міндетті атрибуттары - оның тұтастығы мен егемендігін білдіретін Елтаңба, Ту, Әнұран.
Егеменді Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік алғаннан кейін бекітіліп, 1992 жылдың 4 маусымы тарихымызда және халық жадында мереке болып мәңгі қалады.
Бүгінгі таңда Қазақстан рәміздері әлемнің түкпір-түкпірінде танымал.
Осы жарқын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз. Отанымыз - Қазақстан Республикасы өркендей берсін!