2026 жылдың 24 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Еркебулан Темирханович Бекишев «Қалба-Нарым кен белдеуінің сирек металды кен орындарының ГАЖ деректер базасын құру» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғады.
Ғылыми кеңесшілер:
- Матайбаева Индира Едылевна – философия докторы (PhD), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Рахымбердина Маржан Есенбековна – философия докторы (PhD), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы, қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Levin Evgueny – PhD, Meharry Medical College Қолданбалы есептеу ғылымдары мектебінің Халықаралық бағдарламалар директоры, кеңістіктік деректер профессоры, Нэшвилл қ., АҚШ.