«Алау-2020» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Жылда өтетін бұл конкурсты Өскемен қаласы әкімдігі ұйымдастырады. Жүлде қоры - 900 000 теңге. Сыйақы 9 номинация бойынша беріледі.

  • «Үздік оқушы»
  • «Үздік студенттік көшбасшы»
  • «Үздік жас ұстаз»
  • «Үздік жас ғалым»
  • «Үздік жас дәрігер»
  • «Үздік жас кәсіпкер»
  • «Үздік жас металлург»
  • «Үздік жас спортшы»
  • «Үздік жас мәдениет және өнер маманы» номинациялары бойынша беріледі.

Өтінімдер мен байқау құжаттары 2020 жылдың 27 қарашасына дейін Әуезов даңғылы, 5 мекен-жайы бойынша немесе [email protected] электрондық поштасында қабылданады. 8 7232 250-190, 8 705 510-97-16.

"Алау-2020" Өскемен қаласы әкімінің жастар арасындағы жүлдесіне арналған байқау ережесі