Д. Серікбаев атыдағы ШҚТУ ұжымы Сізді 50 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сіз басқарып отырған бөлімнің жұмысы ерекше маңызды екенін атап өткеніміз келеді. Себебі, шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдерін және шетел азаматтары тыңдаушыларын университетке түсуге дайындау, бейімділік кезеңінен өтуге көмектесу және академиялық оқуға дағдыларын дамыту өте ауыр және жауапкершілігі үлкен іс.
Қуанышыңызбен бөлісе отырып, Сізге әлемдегі бар игі жақсылықтарды тілейміз. Әр күніңіз тек жағымды сәттер мен қуаныштардан тұрсын. Тәтті өмірдің бақытына кенеліп, бау-бақшадай көгеріп өсіп-өніп, ұзақ өмір кешіңіз.