Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің қолдауымен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздеген «Үздік бейнеролик» байқауын одан әрі жалғастырады. Жұмыстар 15 қарашаға дейін қабылданады.
Қойылатын талаптар қарапайым:
Жұмыстар мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.
Бейнеролик әртүрлі жанрларда болуы мүмкін. Музыкамен сүйемелдеуді, комментарийлерді қолдануға болады. Бейнеролик мәтіні ҚР заңнамасына қайшы келмеу керек. Ролик ұзақтығы – 1,5 - 2 минут.
Сайысқа IT колледж, ШҚТУ студенттері мен магистранттары қатыса алады. Толығырақ ақпаратты 8 705 -150-62-19 телефоны арқылы алуларыңызға болады.
Біздің таңдауымыз –жемқорлықсыз болашақ!