Ай сайын университет қызметкерлері конкурсқа қатысып, жеңімпаздар іріктелетін болады. Байқауға қатысушылар өздерінің функционалдық міндеттерін жауаптылық және кәсібилікпен орындап, әлеуметтік желілерде университет абыройын арттыруы қажет. Сонымен қатар, ЖОО-ның дамуына үлес қосатын инновациялық бастамаларды көтеру маңызды!
ШҚТУ қызметкерлері! Бұл сіздер үшін сыйақы алу мүмкіндігі ғана емес, өз идеяларыңызды жүзеге асыруға жасайтын қадам болмақ!
"Айдың үздік қызметкері" байқауына қатысыңыздар!