14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын бұл күні өкпе-реніштеріңіз болса кешіріп, араздықты ұмытып, әрбір жанға амандық-саулық, құт-береке тілеп, Жаңа жылды ақ пейілмен бастаңыз!