Құрметті қазақ елі, қадірлі алаш жұрты. Бүгін дүниежүзілік инженерлер күні мерекесі. Осыған орай барша сала иелерін Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға белгілі, инженерлік саланың ғылыми-технология һәм экономика саласындағы орны айрықша.
Ғылыми жаңалықтар және олардың адамзат қажеттілігі мен өмір сапасын жақсартуда қолданылуы арасындағы байланысты қалыптастыру, химикаттар жасап шығару мен химиялық өндіріс процестері, алпауыт жүйелер мен құрылымдардың құрастыру, электр жүйелері мен электр схемаларын жобалау, машиналар мен бақылау жүйелерін жасап шығару, металдарды кен орындарынан шығарып алуға және жаңа материалдар дамыту, бағдарламалық жүйелерді шығару сияқты салаларды қамтитын инженерлердің еңбегінсіз адамзаттың өмірін елестету мүмкін емес. Аталған саланың даму үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ғалымдарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Жаңашыл инженер ғалымдарымыздың ғылыми жобаларына қаражаттар бөлінуде.
Инженер ғалымдардың іргелі зерттеулерінің арқасында Қазақстанның жоғары оқу орындарына жаңа міндеттер қойылды. Отандық білім орындарында өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын тәрбиелеу, техникалық мамандарды дайындау қажеттілігі басты назарға алынғанын мақтанышпен атап өткім келеді.
Сондай-ақ, бүгінгі алмағайып аламан дәуірде жаһандық бәсекеге қабілетті, ойы ұшқыр, кәсіби шыңдалған, танымы мен тағылымы бір арнаға тоғысқан маман даярлау - аса маңызды міндет болып отыр.
Бүгінгі мереке біз айтқан құндылықтарды берік ұстанып, аталған саланың дамуына мұрындық болады деп сенемін.
Біздің мақсатымыз - ғылымды жаһандық тұрғыда насихаттап, биік-белеске шығару. Осы арқылы ғана зор нәтижелерге жететінімізге кәміл сенемін. Инженер ғалымдарымыздың абыройы үстем, беделі биік болғай! Айтулы мереке баршаңызға құтты болсын!