Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 29 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай «Тәуелсіздіктің күші - Бірлікте» атты салтанатты жиын өтті. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КЕАҚ басқарма төрағасының м.а - ректор Жасұлан Шаймарданов құттықтауларын жеткізіп, осы жылдар аралығында университеттің жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Университет қызметкерлері жоғары білім беруді дамытуға және жастарды тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін «Nur Otan» партиясының және облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен, білім беру жүйесіндегі адал еңбегі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық үлесі үшін Шығыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының, сонымен қатар, ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.

Онлайн салтанатты жиыннан соң, мерекелік кездесуге қатысушы қауымға ЖОО студенттері дайындаған концерт көрсетілді. Трансляция университеттің ресми YouTube арнасында өтті.