Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз мемлекеттің жетістіктері мен табыстарының қайнар бастауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлік тұлғасы тұр, қайталанбайтын қолтаңбасы жатыр. Оның көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Қазақстанның экономикасы түзеліп, сыртқы саясаты тұрақталды. Халық арасында ауызбіршілік пайда болды. Бүгінде Қазақстанды өзінің шығармашылық, интеллектуалдық жетістіктерімен, жаңа бастамаларымен, оң істерімен дәріптейтін бостандық және жеңіс рухын бойына сіңірген жаңа ұрпақ өсіп келеді!

Біз тарихи миссиямызды орындап жатырмыз. Тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанымыздың одан әрі дамуына үлес қосуға әрқашанда дайынбыз.

Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын, көк байрағымыз биікте самғап, мемлекетіміздің абыройы асқақтай берсін!

Жанұяларыңызға денсаулық, татулық пен ырыс-береке, жаңа табыстар тілеймін!

Басқарма төрағасының м.а.-ректор НАО Д.Серікбаев ат. ШҚТУ Жасулан Шаймарданов