Баварияның Қазақстандағы құрметті консулы Рейнхольд Креммень ШҚМТУ-ға келді. Бұл сапар ШҚМТУ-мен ЖОО-ның ғимараттарының бірін энегия үнемдеу технологияларын пайдалана салуды жобалауға байланысты еді.

Консулмен әңгімеге университет ректоры Нұрлан Темірбеков, проректорлар О.Гавриленко, Ж.Назбиев, сәулет-құрылыс факультетінің деканы Б.Нухаева, экономика және менеджмент факультетінің деканы Е.Варавин, «Востокакадемпроект» институтының директоры А.Хапин қатысты.

Кремень бүгін таңда энергия үнемдеу әлемдегі ең маңызды мәселе екеніне тақталды. Алайда бұл істің практикалық жағынан гөрі теориялық жағы басым болып тұр. Бізде кейбір ойлар мен есептер бар, оларды сіздермен бөлісуге әзірміз. Алайда бұл деректерді жергілікті жағдайға сәйкестендіру керек, деді ол.

Екі жақты талқылау барысында ағымдағы жағдайға талдау жасалды.

Жалпы бұл жоба университет аясынан шығып, мемлекеттік деңгейге көтерілуі қажеттігі ескертілді.