Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында ҚР БҒ министрі Аслан Сарынжіпов Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да болды.
Министрді университет ректоры Нұрлан Темірбеков, проректорлар Н.Линок, Ж.Назбиев, Е.Рахметжанов қарсы алды.
Аслан Сарынжіповке жоғары оқу орнымен танысу барысында ЖОО-ның қызмет бағыттары, шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақ жөнінде ақпарат берілді. Министр университеттің кеңсе тіркеушісінің, студенттік кәсіподақтың, ақпараттық-шығармашылық орталықтың жұмысымен танысты.
ШҚМТУ зертханаларымен танысу барысында «Іргетас» аймақтық зертханасының жұмысына қызығушылық танытты. Министр «Үлкен Алтай» мұражай-зертханасын, «Бастау» бизнес-инкубаторын аралады. Сәулет-құрылыс факультетінің көрмесіндегі студент-дизайнерлердің шығармашылық жобалары министрдің көңілінен шықты. Аслан Сарынжіпов ЖОО-ның қызметіне жоғары баға беріп, оны дамыту ісінде табыс тіледі.