2025 жылдың 25 қыркүйегінен 8 қазанына дейін Бизнес мектебінде профессорлық-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Курс екі негізгі блокты қамтыды: «Ұйымдық өзгерістерді басқаруды цифрландыру» және «Инвестициялық жобаларды модельдеудің іргелі қағидалары».
Дәрістер мен тәжірибелік тренингті экономика ғылымдарының PhD докторы, Люблин технологиялық университетінің басқару факультетінің кәсіпорындарды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Sloniec Jolanta Honorata жүргізді. Шақырылған профессордың дәрістері арнайы бағдарлама аясында ұйымдастырылып, қатысушыларға жаңа білім алумен қатар, цифрлық трансформация мен инвестициялық жобалаудағы еуропалық тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді. Курстың басты мақсаты оқытушылардың құзыреттілігін арттыру болды, атап айтқанда: ұйымдық өзгерістерді басқаруда цифрлық құралдарды қолдану; заманауи әдістерді пайдалана отырып инвестициялық жобаларды модельдеу; жаһандық сын-қатерлер жағдайында инвестициялық шешімдердің тиімділігін талдау және бағалау.
Курс барысында шетелдік университеттердің тәжірибелері талқыланып, цифрлық экономика үшін мамандар даярлаудағы практикалық кейстерге ерекше көңіл бөлінді. Осындай курстар университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуда, оқытудың сапасын арттыруда және академиялық ұтқырлықты дамытуда маңызды қадам болды. Алынған білім мен дағдыларды оқытушылар оқу процесіне енгізіп, Бизнес мектебінің және жалпы университеттің дамуына үлес қоса алады.