20 ақпан және 24 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Болашақ ғалымдары» атты студенттер арасында Республикалық конкурс жариялаған болатын. Айта кету керек, бұл Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсы жыл сайын өткізіліп, екі кезеңнен тұрады.
Конкурсқа бакалавриат және магистратураның 152 студенті қатысып, 116 ғылыми жоба ұсынған болатын. Соның ішінде, жеке-дара 87 жоба және ұжымдық 29 жоба конкурсқа жіберілді. Ғылыми жұмыстар Қазақстан Республикасының 20 жоғары оқу орнынан келіп түскен екен.
Соның ішіндегі 20 ғылыми жоба конкурс лауреаты атанды.
Үздік ғылыми жұмыс жеңімпаздарын марапттау салтанаты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізілді.
Жеңімпаз деп біздің сәулет-құрылыс факультетіндегі 6M073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарды және құрылымдарды өндіру» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс магистрантымыз Алёна Пименова танылды. Ғылыми жоба тақырыбы - «Құрылыс материалдары сапасын қамтамасыз ету үшін цементті композициялық қоспа үлгісінде оңтайландыру және статистикалық талдау тәсілін қолдану». Ғылыми жетекшілері: «Су және орман ресурстары» кафедрасының оқытушысы - Сергей Лутай және С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің өндірістік оқыту шебері Анастасия Лутай.
Осы азаматтардың жетекшілігімен магистранттар 3 жыл қатарынан аталған конкурс лауреаттары атануда.
Жеңімпазымыз жүлдегер медалі және дипломымен марапатталса, жетекшілеріне Алғыс хат табыс етілді.
Жүлегеріміз бен жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы бастамаларына жеміс, еңбектеріне табыс тілейміз!
«Су және орман ресурстары» кафедрасының ұжымы