ШҚТУ-да Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі-проректор, экономика ғылымдарының кандидаты Жадыра Қоңырбаева университеттің көрнекті қызметкерлері мен студенттерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

Концерттік бағдарламадағы әндер, түрлі ұлт өкілдерінің билері, театр қойылымдары әсерлі және керемет орындалды. Қонақтар соңғы 30 жылдағы университет тарихын тағы бір мәрте еске түсіріп, ШҚТУ-дың дәстүрлерді сақтай отырып, болашаққа ұмтылғанына, инновацияны енгізіп, жетістікке бағдарланғанына тағы да көз жеткізді.