Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ағымдағы жылдың 11 желтоқсаны күні, Өскемен қаласында Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Жәнібек пен Керей хандарға және Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге арналған Тәуелсіздік монументінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты жиынды ҚР Премьер-Министрі А.Мамин ашты.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ тарапынан аталмыш іс-шараға 160 студент пен оқытушылар қатысты.