Шығыс Қазақстан техникалық университетінде университет басшылығы мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің (ҒПК) Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) сарапшыларымен жұмыс кездесуі өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы атом энергетикасы саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту болды. МАГАТЭ-мен ынтымақтастық аясында «Атом электр станцияларын пайдалану» атты жаңа білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл бағдарлама атом саласының қауіпсіздік пен тұрақты дамуға қойылатын заманауи талаптарына сай тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Кездесу мазмұнды әрі конструктивті атмосферада өтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен ШҚТУ-дың ғылыми-білім беру әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде атап өтілді.