2025 жылғы 21 сәуірде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Х. Машекенова, Бизнес Мектебі деканының орынбасары А. С. Жанабаева, Мансап орталығының директоры С. А. Трофименко құрамында Риддер колледжінің жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде мамандар даярлау мәселелері бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Мақсаты:
- қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және танымал ету,
- техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру жастар мен жұмыс берушілерді тарту жүйесі.
Тапсырмалар:
- жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру;
- кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту;
- жұмыс берушілердің жұмысшы кәсіптер кадрларын даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейту;
- жұмысшы кәсіптерінің имиджін ілгерілету.
Қатысушылар әлеуметтік серіктестер, ШҚО ББ Риддер қ. Білім бөлімінің басшысы, Риддер қ. мектеп директорлары, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері болды.
«Риддер колледжі» КМҚК және «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ ынтымақтастығы тақырыбында баяндамамен Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Әсия Хасенқызы сөз сөйледі.
Ол университеттің мүмкіндіктерін атап өтті, Университет пен колледждің өзара іс-қимыл жүйесі туралы, ШҚО кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін кадрларды бірлесіп даярлау туралы айтты.
Осы іс-шара аясында колледж студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті.