Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқу орнының даму бағыттарын айқындауға арналған кезекті Басқарма отырысы өтті. Оған проректорлар, мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелер мен құзырет орталықтарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында университеттің ағымдағы қызметі мен алдағы міндеттеріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Психологиялық қызметтің 2024–2025 оқу жылындағы қызметі туралы

Психологиялық қызметтің жетекшісі Жарасбаева Нұргүл Қазбекқызы студенттер мен қызметкерлерге көрсетілген психологиялық көмек пен қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап ұсынды. Отырыс қатысушылары қызметтің маңыздылығын атап өтті.

Ресми сайттардағы ақпараттың талаптары туралы Ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығының басшысы Жанабаева Г баяндамасында мекемелердің ресми интернет-ресурстарында ақпарат орналастыруға қойылатын жаңа талаптар жөнінде сөз бастап. Ақпараттық ашықтық пен қоғам үшін қолжетімділіктің маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіл саясаты саласындағы нормативтік талаптарды сақтау қажеттілігі ерекше атап өтті. Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылды.

Студенттерді қабылдау бойынша апта сайынғы есепті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Дәулбаева Әсел Советбекқызы мен мектеп декандары қабылдау науқанының ағымдағы барысын баяндап, негізгі көрсеткіштер мен жоспарланған іс-шараларды ұсынды.

Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі Сәрсембаева Арайлы Әлібекқызы шетелдік талапкерлермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Университеттің халықаралық тартымдылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар да атап өтілді.