ШҚТУ-да 1 қарашадан бастап "Айдың үздік қызметкері" байқауы жүргізілуде. Осы уақыт аралығында өздерінің функционалдық міндеттерін жауаптылықпен және кәсіби шеберлікпен орындап, әлеуметтік желілерде университет абыройын арттырып жүрген мамандар анықталып, ұсынған жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Мамыр айының үздік қызметкері университеттің жетекші инженері Евгений Сергазинов атанды. Соңғы бір жылда ШҚТУ-да іс - шаралардың басым бөлігі қашықтан өткізілуде. Кейбіреулер үшін бұл жаңа байланыс түрі жаңашылдық болды, әрине, қиындықтар туындамай қоймады. Білікті инженер Евгений Юрьевич университет қызметкерлері арасында конференц-байланыс технологияларын пайдалану мәдениетін қалыптастыру үшін іс-шаралар кешенін ұйымдастырып өткізді. Бұл жоғарғы оқу орны мамандарының цифрлық сауаттылығын арттырды.
Сонымен қатар, Евгений Юрьевич sersvise Desk-те өтінімдерді өңдеу үшін дәстүрлі форматта өткізілетін университеттің барлық мультимидиялық іс-шараларын сүйемелдеу жөніндегі әкімші болуға ниет білдірді. Жеңімпаз қолға алған бастамасын ары қарай жүзеге асыратын болады. Сыйақы ретінде оған үстем ақы төленеді.