Жеңіс күні Шығыс Қазақстан облысының әрбір елді-мекенінде аталып өтіледі. Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерей тойын 330 майданшылар мен 25 мыңға жуық тыл ардагерлері қарсы алуда.
9 мамыр күні қала көшелері тұрғындармен толықты. Таңғы сағат 10-да «Қаһарман ұлт – Мәңгілік полк» акциясы бастау алды. Ертіс жағалауы бойымен «Өзен» бекетінен Даңқ Мемориалды кешеніне дейін Ұлы Отан Соғысына қатысқан туғандарының, жақындарының , соғыста көз жұмған майдангерлердің суретін қолына ұстаған 10 мыңға жуық адам жүріп өтті. Шеру әскери жылдар техникасының, оркестрлер мен салтанатты теплоходтың сүйемелдеуімен өтті. Колонно қатарында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ның 500-ден аса студенттері мен әскери кафедра офицерлері де болды.
Негізгі іс-шара мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста көз жұмған майдангерлердің рухына дұға жасалынып, үнсіздік минуты жарияланып Даңқ Мемориалында өтті. «Бейбітшілік мәңгі есте сақтайды!» концерттік бағдарлама болды.
ШҚМТУ баспасөз қызметі