Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжісінің базасында директорлар, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ТжКБ психологтары үшін №5 секция ұйымдастырылды, онда Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж директорының орынбасары Джуманазарова Жанар Сагаладиновамен Жоғары медициналық колледжінің психология пәнінің оқытушысы Сейлханова Бақыт Кауатаевнамен «Білім беру ортасындағы суицидтің алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметтердің өзара әрекеттесуі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Модераторлар жасөспірімдер суицидінің негізгі белгілері мен себептерін, жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың түрлері, динамикасы және алдын алу шараларын қарастырды.
Психологтарға, директорлардың тәрбие замест жөніндегі орынбасарларына және басқа мұғалімдерге қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге көмектесетін аутодеструктивті мінез-құлқы бар балаларды анықтаудың бірнеше әдістері ұсынылды.