ШҚТУ, Бизнес мектебінің «ҚТжӘСП» кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» клубының студенттеріне «Дәстүр сабақтастығы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Іс-шарада «құрақ құрау» қолөнері, «сәндік әшекей» қолөнері бойынша шеберлік сабағы өтіп, клуб қыздарына ою-өрнек, сәндік жастық, құрақ құрау тәсілдерімен таныстырылды. Шеберлік сабақтарды қаланың танымал шеберлері А.Т. Умбетова, А. Абиева өткізіп, клуб қыздарына ою-өрнек қиып, құрақ жасауды үйретті. Қазақ мәдениетінің бастауы болып табылатын көшпелілер өмірінде маңызды орын алатын малшаруашылығымен байланысты материалдық мәдениеттің түрлері таныстырылды. Бүгінгі күнге дейін жеткен дәстүрлі қолөнер туындыларының маңызы мен пайдасы көрсетіліп, жас ұрпаққа насихатталды.
Іс-шара клуб жетекшісі мен ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ғылыми қызметкері бірлестіктерінің ұйымдастырылуымен, ұрпақ тәрбиелеудегі бейресми білім беру бағытында өткізілді. Шеберлік сабағына 24-МКК-1, 24-АУК-1, 24-БЖК-1, 25-БЭК, 24-ГДК-1, 24-РТК-1 және 24-УДК-1 тобының қыздары қатысып, бұл шарадан үлкен әсер алды. Ұлттық құндылықтарымыз туралы ақпарат алып, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды.