Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Т.Түсіпбековамен кездесті. Оған ШҚМТУ ректоры Н.Темірбеков, «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы М.Бақыт қатысты.

Т.Түсіпбеков партияның алда тұрған міндеттерімен таныстырды. «Қазақстан - 2050» стратегиясының, Президенттің халыққа жолдауларының негізгі бағыттарына тоқталып, жастардың рөлін атап көрсетті.

- Біз жастарымыздың ел алдындағы борышын абыроймен орындауы үшін олардың сегіз қырлы, бір сырлы болуын қалаймыз,- деді Т.Түсіпбеков.

Сөзінің соңында ол студенттерді «Таза сессия» акциясына белсене қатысуға шақырды. Партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттері тапсырылды.