Ұлан ауданы «Багратион» шаруа қожалығының базасында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Багратион» атты оқу-ғылыми-өндірістік орталығы ашылды. Шараға ШҚМТУ ректоры Н. Темірбеков, «Багратион» шаруа қожалығының басшысы В.Воропай, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Д. Селиханов, Ұлан ауданының әкімі Б.Баяхметов және басқалар қатысты.

Университет пен шаруашылық арасындағы ынтымақ 2008 жылы басталған. Содан бері бірнеше бірлескен жоба іске асты. Енді студенттер теориялық білімдерін практикада қолдана алады. Бұл бірлескен жоба ғылым-білім мен өндірістің тығыз байланысының тұңғыш мысалы.

Орталықта ШҚМТУ профессоры А. Воробьевтің мал және құс азығына қосымша өндіретін ғылыми жобасы мақұлданды.