«ӨТМК» АҚ-да Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков компания президенті Әсем Мамытовамен кездесті. Кездесу барысында ЖОО мен компания арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, облыс кәсіпорындарына мамандар даярлау, ТМК-де ЖОО кафедраларының филиалдарын ашу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде сөз болды.

Әсел Мамытова кәсіпорын ЖОО-мен ынтымақтастық орнатуға әзір екенін айтты. Таяуда кездесуде көтерілген мәселелерді нақтылау үшін жұмыс тобы құрылады. Кездесуді қорытындылай келе Н.Темірбеков Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қадағалау қеңесіне ТМК өкілі енсе деген тілек білдірді.