Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту» жобасы аясында «Конструктивті диалог мектебі» Халықаралық сессиясы өтті.

Бұл жобаның мақсаты толерантты сананы қалыптастырудың ұзақ мерзімді процесінің негіздерін нығайту және әдістерін жүйелеу болып табылады.

Сессияға Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ., РФ), Шәкәрім университетінің (Семей қ., Абай облысы, Қазақстан Республикасы), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің (Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы, ҚР) студенттері қатысты. Сессияға қатысушылар жастар арасында диалог пен мәдениетаралық түсіністікті дамытуға ықпал ете отырып, тәжірибе мен біліммен белсенді алмасты.

Іс-шара диалог пен айырмашылықтарды құрметтейтін толерантты және ашық қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар жалғасын тауып, әртүрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз.