Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының базасында Руденконың О.В. жетекшілігімен "Қазақстан Республикасының құрылыс, жол-құрылыс секторының аккредиттелген қызметтерінің толық циклін көрсету бойынша құрылыс-техникалық инжиниринг орталығын құру" br21882278 гранттық жобасы және ғылым күні аясында "Өндіріске арналған ғылым" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке "Vostok Engineering inc" ЖШС, "Востокцветмет" ЖШС, "Бажова 101" ЖШС, "ВОСТОКПОДВОДЦЕНТР" ЖШС, "ШахтСпецПром" НТК ЖШС, "Дорстрой материалы XXI" ЖШС, "EXCLUSIVE STROY INVEST" ЖШС, "УК ГЭС" ЖШС, "Комбинат нерудных материалов" ЖШС, "Save technologies in indastry" ЖШС, "Ульбатехцентр" ЖШС сияқты облыс кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингте бетонның беріктігін бақылау және бағалау ережелері бойынша қызықтыратын мәселелер талқыланды, сондай-ақ бетонның беріктігін бақылау мен бағалаудың бұзатын және бұзбайтын әдістері бойынша демонстрациялық сынақтар өткізілді. Сынақ қорытындысы бойынша алынған деректерге статистикалық өңдеу жүргізілді. Барлық қатысушылар естелік сертификаттар алды.