Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 28-29 қыркүйек аралығында Пиндун Ұлттық ғылым және технология университетімен (NPUST) ынтымақтастықта 8-ші Халықаралық (виртуалды) GreenMetric World University Rankings (IWGM 2022) семинарына қатысты.

Іс-шара постпандемия кезеңінде тұрақты дамуға бағытталған университеттер әрекетіне арналды. ШҚТУ конференцияны ұйымдастыру комитетімен 2021 жылы өткен Green Metric сауалнамасы бойынша энергетиканы басқару және климаттың өзгеруі секциясына спикер ретінде шақырылды.

ШҚТУ климаттың жаһандық өзгеруін ескеріп, әлем тұрақты инновациялық даму жолына көшуін қолдайды. Мұны сәтті ұйымдастыру үшін экоконцепцияларды зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Осы тәжірибемен бөлісу үшін ШҚТУ спикері – Басқарма Төрағасы -ректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина «Green Metric сауалнамасы - «Жасыл университет» стратегиясының негізі» атты баяндамасын ұсынды.

ШҚТУ тұрақты даму принциптерін енгізуді жалғастырып, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған мақсатын орындайды.