Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Өскемен қаласының орта білім алып жүрген оқушыларына «Мектептер шеруін» ұйымдастырды.
Ашық есік күніне қала мектептерінен көптеген ынталы жастар қатысты. Университеттің тыныс-тіршілігімен мұқият танысып жүргендер де, оқу орнына алғаш келгендер де ең алдымен көрмемен танысты. Оқушыларға ЖОО оқытатын мамандықтардың киім үлгілері, жұмыс істейтін технологиялары, үлгілі студенттердің жұмыстары ұсынылды.
Көрмеден соң жасөспірімдер акт залында өткен «мектептер шеруіне» қатысты. Университеттегі әр мектептің өкілі өз салаларын креативті презентациялармен, идеялармен, әртістік қойылымдармен, ойындармен және 21 ғасырдың соңғы жаңалықтарымен таныстырды. Таныстырылым ұстаздар мен студенттердің сахналық көріністерімен шектеліп қоймай, оқушыларды кері байланысқа тартты.
Болашақ түлектер қызығушылық тудырған дүниелерін қолмен ұстап, көзбен көріп тарқады.
Бұл күн тек оқушыларға емес, ұстаздар мен студенттерге де жарқын болды!
Оқушылар ең үздік университетте өздерінің нақты таңдауын тапты деп сенеміз!