Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басшылығы, профессорлық оқытушы құрам мен жас ғалымдар еңселі Ертіс жағасында тимбилдинг ұйымдастырды. Қатысушылар бір демде дене шынықтырумен айналысып, көңілді ойындар ойнады.

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға тапсырма бергені баршаға мәлім. Ендеше, табиғат аясындағы тимбилдингке жетер іс-шара таппайсыз. Көңілді, тапқырлық талап етер зияткерлік ойындар ұжымды ұйыстырып, ортақ істе тіл табысуына ықпалын тигізді.

Іс-шара «EKTU. Otbasy- қолайлы орта» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жанұялы әріптестеріміз «отбасы- ошақ қасымен» қатысып, көптің мерейіне бөленді. Ойынды тек әріптестік тұрғыда ғана емес, жанұялы жандарға берекелі аймақ болды.

Командалық ойындар нәтижесі бойынша 1 орын «Кладовая солнца», 2 орын «Бархатный сезон», 3-ші орынды «Осеняя палитра» иеленді. Сол сияқты, 4 орынға «Фруктово-ягодный букет», ал 5 орынға «Золотые паруса» командалары шықты. Тимбилдинг соңында түрлі ойындар мен жарыстар барысында ерекше көзге түскен қатысушылар жеке дипломдармен, грамоталармен марапатталды.

Іс шара соңында ұжым түскі асқа отырды. Ұстаздар тек жұмыста ғана емес, аспаздық өнерде де алдарына жан салмайтындарын танытты.