21 ғасыр адам өмірінің әртүрлі аспектілерінде, соның ішінде білім берудегі инновациялар мен заманауи технологиялар ғасыры. Университеттің басты міндеті-студент қажеттіліктеріне негізделген білім беру сапасын арттыру және осы мақсатта оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу қажет. Бүкіл әлемде танымал болған және сұранысқа ие технологиялардың бірі-жаппай ашық онлайн курстар (MOOC).
ЖАОК білім беру платформасында орналастырылған ашық онлайн курстар, сансыз көп тыңдаушыларға ыңғайлы жерде және уақытта білім алуға мүмкіндік береді. ЖАОК-бейне дәрістерді, мәтіндік материалдарды, қосымша ресурстарды және өзін-өзі білімдерін тексеруге арналған квиздрды қамтитын ойластырылған және құрылымдалған бағдарламасы бар кәсіби онлайн курс. Курстар өзін-өзі оқытуға арналған бейне дәрістерді қамтып қана қоймай, емтихандар тапсыруға және бейресми білім бойынша қайта білім алуға және түйіндемеге тіркеуге арналған сертификат алуға мүмкіндік береді.
ЖАОК арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу мол артықшылықтар береді. Ең алдымен -курсты әзірлеу кезінде оқытушылар ең негізгі және өзекті материалды таңдайды, ол сегменттерге бөлінген бейне дәрістер түрінде ұсынылады, бұл тыңдаушыға материалды оңай қабылдауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандай, ЖАОК-та кез-келген уақытта және кез-келген жерде білім алуға ыңғайлы құрылғыдан дәріс тыңдауға мүмкіндік береді. Курсқа әрқашан қол жетімділік бар, әсіресе сабаққа қатысу мүмкіндігі жоқ сәттерде, мысалы, ауруға байланысты үйде жатқанда және емтиханға дайындалу барысында жеңіл. Тағы бір артықшылығы-жаңа дағдыларды игеру және жаңа пәнді игеру еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттырады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ open.ektu.kz ашық платформасы бар. Мұнда әртүрлі бағыттағы жаппай ашық онлайн курстар орналастырылған. Платформаға оқуға және жаңа нәрсені үйренуге ниет білдірген кез келген адам жазыла алады. Ашық платформадан басқа, ШҚТУ студенттері қазақ тілінде Coursera - бағдарламасы бойынша оқи алады. Бағдарлама лицензиясы бар студенттерге әлемдік университеттердің курстарын қазақ, орыс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде оқып, сертификат алуға мүмкіндік береді.
Білім беру технологияларының арқасында студенттерде білім алудың сан алуан түрі болса, оқытушыларда білім беру процесін жақсарту мүмкіндіктері бар.
Жаппай ашық онлайн курстар білім алудың қызықты болуына және көптеген артықшылықтарына мысалы болды