Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті "Корпорация ГеоПроект" ЖШС, "The CAD Academy" ЖШС-мен бірлесіп, ШҚО әкімдігінің қолдауымен 28-29 қарашада «Цифрлық Қазақстан өнеркәсіптің тұрақтылығы, төртінші индустрия өнеркәсіптік революция»  I Халықаралық өнеркәсіптік инновациялық BIM-форумын өткізеді.

Негізгі мақсаты - аймақаралық және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты кеңейту және нығайту, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамытуда мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіп пен бизнестің күшін біріктіру болып табылады.

Форумға Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері, Қазақстан, Ұлыбритания, Австрия, АҚШ, Пәкістан, Италия, Германия, Польша, Корея Республикасы, Ресей, Малайзия, Әзірбайжан, Өзбекстан және т. б. сарапшылар қатысады.

Форум бағдарламасында: пленарлық отырыс (форумның ашылуы, негізгі баяндамалар), секциялық (форумға қатысушылардың сөйлеген сөздері) және қорытынды отырыс қарастырылған.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  1. «Өнеркәсіптік нысандарды ақпараттық модельдеу»;
  2. «Жасанды интеллект негізіндегі өндірістерде цифрландыру»;
  3. «Құрылысты басқаруды цифрландыру және автоматтандыру»;
  4. «Жер қойнауын пайдаланушылардың ұшқышсыз ұшу аппараттарын енгізуі»;
  5. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік»;
  6. «Прототип және 3D принтинг».

ФОРУМҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Форумға қатысу үшін 2019 жылдың 27 қарашасына дейін ұйымдастыру жарнасын төлеп, өтінімді рәсімдеп, оны e-mail:
[email protected] поштасына жіберу керек.

Барлық сұрақтар бойынша 269-168 тел.нөміріне және Протозанова 69-ғылым бөліміне хабарласуға болады.