Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ -да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары VIII шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты, Amanat партиясының өкілі Сауле Рахметуллинамен кездесті.

Сауле Рахметуллина өзінің депутаттық қызметінің негізгі бағыттары Amanat партиясының әлеуметтік саладағы сайлауалды бағдарламасын іске асырумен байланысты екенін және оның мақсаты - азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.

Депутат кездесуге қатысушыларға әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы ретіндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Комиссияның алты отырысы өткізіліп, онда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және еңбек қатынастарының маңызды мәселелері қаралды. Сондай-ақ Сауле Рахметуллина Amanat партиясының халықты қолдауға бағытталған іс-шараларына қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Депутаттық қызмет бойынша есепте партия жұмысының негізгі бағыттары қамтылды. Сауле Рахметуллина депутаттық қызметтің жауапты жұмыс екенін атап өтті. Басты мақсат - әрбір өңір тұрғынының әл-ауқатын қолдау арқылы қоғамымыздың тұрақты дамуына ықпал ету.

Кездесу соңында депутат тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. - Тұрғындармен диалог барысында Шығыс Қазақстан облысын жақсарту үшін қай бағытта жұмыс жасау керектігін көреміз, ал сайлаушылармен байланыс пен кері байланыс өзімнің депутаттық және партиялық қызметімді жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Сауле Рахметуллина.